7 наурыз күні «Алтын қазына» көркем және сәндік - қолданбалы өнер балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әріқарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет көрсету, рухани адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру. Көрме байқау 5 бағыт бойынша өткізілді. Көрме байқауға мектеп-лицейімізден
9 «ә» сынып оқушысы Калибекова Айым қатысып «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» бөлімі бойынша жүлделі I орынды иеленді. Жетекшісі Аюпова Ә.Ұ «Ұлттық ою өрнегі бар халықтық киімдердің үлгісін жасау» бөлімі бойынша 9 «б» сынып оқушысы Туях Асия қатысып жүлделі II орынға ие болды.Жетекшісі: Баймурзина С.А. Оқушыларымызды және пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!