Мектеп-лицей педагогтері мен 8 сынып оқушыларына «Гипстан бұйымдар жасау» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді.
Мақсаты: Шығармашылық жұмыстарға бағыттап, әсемдікке және шеберлікке баулу.
Гипс экологиялық таза, мүлдем зиянсыз, арзан, сондықтан қол жетімді материал, әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасау үшін жиі қолданылады. Одан кез-келген бірегей бұйымдарды қолмен жасауға болады. Жұмысқа кіріспен бұрын педагогтар мен оқушыларға гипс жасаудың технологиясы таныстырылып, гипс ерітіндісін дайындау көрсетілді. Шеберлік сыныпқа қатысушы педагогтер мен оқушылар қалыптарды таңдап, гипс ерітіндісін дайындап, қалыптарға құйды. Әртүрлі пішіндер қажетті бұйымдар жасады. Гипстен жасалған бұйымдар толық кепкен соң, қалыптан алынды. Педагогтар мен оқушылар шеберлік сыныпқа белсенді қатысты.