8(7112) 22-85-97

“Лицей аруы - 2024”

⚜️15 наурыз күні мектеп-лицейімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 8-9 сынып оқушылары арасында “Лицей аруы-2024” байқауы өткізілді.

⚜️Мақсаты:
✔️Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
✔️Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
⚜️Байқауға 8 “а” сыныбынан Серикова Ажар, 8 “б” сыныбынан Берикова Айым, 8 “в” сыныбынан Амантай Сабина, 9 “а” сыныбынан Батыр Сымбат, 9 “ә” сыныбынан Меңдіғали Амина, 9 “б” сыныбынан Сақыпжан Аружан, 9 “в” сыныбынан Тулубаева Нурай қатысты.
⚜️Байқау шарттарына тоқталсақ,
1. “Мен қазақтың қызымын” - 1.5-2 минуттық видеороликпен өздерін таныстыру
2. “Қыздар сұлу көрінер өнерімен” - өз өнерін көрсету
3. “Зерделінің ойы озық….” - сұрақтар викторинасы
4. “Сән мен сымбат әлемі” - ұлттық киім үлгісін көрсету
⚜️Байқау қорытындысы бойынша “Лицей аруы-2024” Меңдіғали Амина атанса,
“Зерделі ару” номинациясы - Серикова Ажар
“Өнерлі ару” номинациясы - Берикова Айым
“Инабатты ару” номинациясы - Амантай Сабина
“Сымбатты ару” номинациясы - Батыр Сымбат
“Көрермен көзайымы” номинациясы - Сақыпжан Аружан
“Көрікті ару” номинациясы - Тулубаева Нурайға табысталды. Қатысушыларға арнайы диплом және мектеп-лицейіміздің “Қамқоршылық кеңесі” атынан сертификаттар табысталды.
Байқауымызға қатысқан аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз.