8(7112) 22-85-97

«Teachers` Aitys – ағылшын тілі мұғалімдерінің айтысы»

19 наурыз күні облыстық “Teachers` Aitys – ағылшын тілі мұғалімдерінің айтысы” ұйымдастырылды.

19 наурыз күні Орал қаласы білім беру бөлімі, “TEO” ағылшын тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі мен Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің ұйымдастыруымен облыстық “Teachers` Aitys – ағылшын тілі мұғалімдерінің айтысы” атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: ұлттық құндылықтарды дамыта отырып, қазақ халқының айтыс өнерін жаңаша форматта жандандыру. Сайыс 3 кезеңді қамтыды, 1-кезеңде қатысушылар “My Vision, my Goals” тақырыбында презентация қорғап, өздерін таныстырса, 2-кезеңде БҰҰ-ның 17 негізгі даму стратегиялары мен қағидалары жөнінде ойларын білдірді, 3-кезеңде жарыс қатысушылары топтық жұмыста бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша Файзуллинова Айнамкөз жүлделі 2-орынға және Бисекешова Айдана Алғыс хатқа ие болды.