8(7112) 22-85-97

«The warmth of the heart» байқауы

15 наурыз күні №38МЛ базасында «The warmth of the heart» атты ағылшын тілі пәнінен 8 сынып оқушыларының байқауы болды.

15 наурыз күні №38МЛ базасында «The warmth of the heart» атты ағылшын тілі пәнінен 8 сынып оқушыларының байқауы болды. Байқау мақсаты - «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін насихаттау және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Оқушылар 3 тур кезеңдері бойынша тапсырмаларға жауап береді. І.Үй тапсырмасы. Қатысушылар Наурыз мейрамына тілектерін айтады. ІІ.«Erudites» Наурыз, наурызбен байланысты салт-дәстүрлер түралы тест орындайды. ІІІ. «Quick thoughts» Салт-дәстүр бойынша суреттер беріледі. Суреттер аркылы TED x форматында ойын білдіреді.
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің 8 А сынып оқушысы Бапаева Алина Алғыс хатқа ие болды. Жетекшісі: А.Қ. Мусагалиева. Құттықтаймыз!