Мақсаты:
Осы уақытқа дейін қалыптасқан тұжырымды түбегейлі өзгерту емес, көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу.
Мемлекет басшысының жарлығымен Наурыз мерекесінің мәртебесі биіктеп, он күн қатарынан тойлану қолға алыңған болатын.
Мектеп-лицейімізде 14 наурыз - Көрісу күні - Амал мерекесі аталып өтілді. Жасы кіші жасы үлкенге барып көрісіп бата-тілектерін алып, қыстан аман-есен шыққан оқушылар, ұстаздар және қызметкерлер бір-бірімен қуана қауышып, қол алысып көрісті.
Лицейіміздің әр қанаттарында оқушылар ыстық бауырсақ және Наурыз көжелерден ауыз тиіп, бір – біріне «Бір жасыңмен!» деп тілек білдірді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні барлығы шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде жүрді.
Мектеп-лицейімізде 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Бір алма!» акциясы жүргізілді. Ол қайырымдылықты, мейірімділікті насихаттауға бағытталған. Осы орайда мектебіміздің ерікті оқушылары жиналған алма жемісін Қарттар үйіне барып, қазыналарымыздың хәл ауқатын біліп табыстап қайтты.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні аясында “Ұлттық би - салт-дәстүр жалғасы” тақырыбында мектеп-лицейіміздің хореографы Айша Амангелдиевнаның ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу бағытындағы кездесу кеші оздырылды.
Кешіміздің қонақтарын айтып өтсек,
Қаламыздағы М.Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің «Театрлық –хореографиялық өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Айткалиева Қарлығаш Дайырғалиқызы, М.Өтемісұлы атындағы БҚУ магистрі, аға оқытушы, хореограф ұстаз Толқын Магзумовна және осы университеттің «Арна» би ансамблінің мүшелері.
17 наурыздағы іс-шаралар тізбегіне «Шаңырақ» атауы беріліп отыр. Бұл күні отбасы құндылықтары дәріптелді.
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Нақ осындай атаумен мектеп-лицейімізде Ұлттық киімді дәріптеу мақсатында челлендж ұйымдастырылды.
19 наурыз – Күй күмбірі челленджі оздырылды. Мектеп-лицейіміздің күйші өнерпаздары дәлізде күй ойнап, ұлттық аспабымыз домбыраны дәріптеді.