16 наурыз күні 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі қорытындыланды.
Олимпиада мақсаты: мектеп оқушыларының арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау; жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу, педагогикалық, инженерлік, техникалық мамандықтарға қызығушылығын ояту. Олимпиадаға өңірлік кезеңнен озық оқушылар іріктеліп алынып, нәтижесінде 11-сыныптан Қалес Дәулет І орын, Есен Ерасыл 2 орын иеленді. Пән мұғалімі: Капашева Г.Н. 10- сыныптар бойынша Мухамбетов Али І орын, ал Нурболатов Дарын ІІІ орын ие болды. Пән мұғалімі: Батай А.Х. Оқушыларымыз бен жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз!