4 наурыз күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімдерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, дамыту, қолдау мақсатында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды. Математика пәні бойынша мектеп-лицейімізден қатысқан 6-сынып оқушысы Сағынгерей Олжас жүлделі ІІ орынды иеленді. Мұғалімі: Капашева Гулжамал Нуржановна. Жетекшісі мен оқушымызды жетістігімен құттықтаймыз!