8(7112) 22-85-97

Қалалық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауы

29 наурыз күні №45 ЖОББМ базасында қалалық математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: математика және физика пәндерінің мұғалімдері арасынан оқушыларды олимпиадаға дайындаумен және өзін – өзі жетілдірумен, келешекте тұлғалық және кәсіби шеберлігін көтерумен айналысатын мұғалімдерді қолдау. Байқауға мектебімізден математика пәні мұғалімі Батай Ақылжан Хамитұлы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз, алда биік шыңдарды бағындырады деп сенеміз.