Мектеп-лицейімізде Кәсіби бағдар беру негізінде 7-8 сынып оқушылары арасында “Мамандықтың бәрі жақсы” тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Мақсатсы: мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру; мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру. Эссе байқауының қорытындысы бойынша:
І орын Алтынбекқызы Алинура (8 ”ә” сыныбы)
ІІ орын Есболсын Нұрайым (7”а” сыныбы)
ІІ орын Асқар Жамиля (8 “в” сыныбы)
ІІІ орын Бауыржанқызы Алуа (8 “ә” сыныбы)
ІІІ орын Қуандық Дания (8 “ә” сыныбы)
ІІІ орын Серік Жанерке (8 “б” сыныбы)
Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!