Мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
10 сәуір күні “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде машықкерлер ұйымдастыруымен 6 “а” және 6 “в” сынып оқушылары арасында “Шын дос - асыл қазына” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар екі топқа бөлініп ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдердің ізін жалғастырды.
Қорытындылай келе 6 “а” сыныбы “Ұйымшыл топ” номинациясымен 6 “в” сыныбы “Ақылды топ” номинациясымен марапатталды.