8(7112) 22-85-97

Облыстық «Азаттықты аңсаған Ғұмар Қараш» шығармашылық байқауы

26 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында шығармашыл оқушылар арасында облыстық «Азаттықты аңсаған Ғұмар Қараш» шығармашылық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Ұлы ойшыл Ғұмар Қараштың шығармаларын насихаттау, жеткіншектердің туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. «Азаттықты аңсаған Ғұмар Қараш» шығармашылық байқауы 2 бағытта өткізілді. «Ау, Алаш, көзіңді ашар күнің! Қарманып ілгері аяқ басар күнің» атты ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу бөлімі бойынша Ғұмардың 30 өлеңін жатқа оқыған.7 сынып оқушысы Есболсын Нұрайым Бас жүлде иеленді. Жетекшісі: Куанышкалиева Г.Е. Оқушымызды және Гулдария Ермековнаны жетістігімен құттықтаймыз!