8(7112) 22-85-97

«Жаратылыстану ғылымдары әлемінде» апталығының ашылу салтанаты

29-сәуір күні химия, биология, география пәндер апталығы «Жаратылыстану ғылымдары әлемінде» апталығының ашылу салтанаты өткізілді.

Мақсаты: химия, биология, география пәндерінен сабақтан тыс шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталық барысында 10 сынып оқушылары жаратылыстану ғалымдарымен таныстыру бағытында көрсетілім қойып, болашақ ұрпаққа зерттеу жолдарын мұра етіп қалдыруды жоспарлап, табыстайды. 7-9 сынып оқушылары жаратылыстану пәндері туралы өлең жолдарын оқиды. Шара соныңда апталықтың жоспары таныстырылды.