30-сәуір күні география пәнінен «АҚЫЛДЫ ҮЗІЛІС» - қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында «Globe geography» -географиялық номенклатура, «Globe geography» – жылдам пернетақта ойыны, «Ақжайық, Ару Жайық - арман өлкем» туған жерге виртуальды саяхат, «Ғарыш әлемінде» үстел үсті ойындары өткізілді.
Мақсаты: география пәнінен сабақтан тыс шараларда оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Елдердің туын, астанасын ажыратуда 5-7 cынып оқушылары «Globe geography» -географиялық номенклатура ойыны, елдерді табуда 8-9 сынып оқушыларына «Globe geography» – жылдам пернетақта ойыны, 7-9 сынып оқушыларына «Ғарыш әлемінде» үстел үсті ойындары өткізілді. 10 сынып оқушылары «Ақжайық, Ару Жайық - арман өлкем» туған жерге виртуальды саяхат жасады. Оқушыларға тәтті сый-сияпаттар таратылды. Жеңімпаздар апталықтың жабылуында марапатталады.