8(7112) 22-85-97

М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың филология факультеті ұйымдастыруымен өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша пәндік олимпиада

2024 жылдың 8 сәуірінде М.Өтемісов атындағы БҚУ-де жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиада оздырылды.

Олимпиаданың мақсаты: Оқушылардың пән бойынша білім мен білік деңгейлерін саралау, өз замандастары арасында бәсекеге қабілеттілік дағдыларын шыңдау, дарынды оқушыларды қолдау.
Қала мектебі оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткізілген бұл олимпиадаға мектеп-лицейімізден қатысқан 10-сынып оқушылары Нұрым Айкөркем ІІ орынға лайық деп танылса (жетекшісі: С.У.Нурсапина), Бақтығали Гүлхан Алғыс хатқа ие болды (жетекшісі: С.А.Беккужиева). Құттықтаймыз!