8(7112) 22-85-97

«Жұбан ұрпақтары жүрегінде» атты Жұбан оқулары байқауы

2024 жылдың 30 сәуірінде жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында Жұбан оқулары байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Ақынның мол мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау; жастардың шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық және тіл мәдениетін дамыту, көркем сөз оқу шеберлігін жетілдіру.
Байқау үш номинация бойынша өткізілді: 1. «Өмірін өлеңменен өрнектеген» жас ақындар мүшәйрасы. 2. Шығармашылық жұмыс. Ж.Молдағалиев шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы. 3. «Мен қазақпын» номинациясы бойынша Жұбан еңбектеріне эссе жазу.
«Мен қазақпын» номинациясы бойынша Жұбан еңбектеріне эссе жазу бөліміне қатысып, бақ сынаған мектеп-лицейіміздің 10-сынып оқушысы Бақтығали Гүлхан ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: С.А.Беккужиева. Құттықтаймыз!