2024 жылдың 10 сәуірінде жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық Әбіш оқулары байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту.
Байқау төрт номинация бойынша өткізілді: 1. Ә.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу. 2. Ә.Кекілбаев шығармаларын (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп оқу. 3. Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.4. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.
Ә.Кекілбаев шығармаларын (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп оқу бөліміне қатысып, бақ сынаған мектеп-лицейіміздің 8-сынып оқушысы Серік Жанерке ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: С.А.Беккужиева