29 сәуір күні«Жаратылыстану ғылымдары әлемінде» химия, биология, география пәндері апталығының аясында «Жаратылыстану ғажайыптары» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары үшін зияткерлік сайысы өткізілді.
Мақсаты:оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету, ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Шараны жаратылыстану пән мұғалімдері Нургожина А, Бахтиярова И жүргізді. Зияткерлік сайысқа 5-6 сынып оқушылары «Эверест», «Хан тәңірі», «Килиманджаро», «Алатау» атты 4 топ болып қатынасты.
Сайыс 4 кезеңді қамтыды:
І кезең «Сиқырлы ұяшықтар, ІІ кезең «Ғарыш әлемі», ІІІ кезең «Ең, ең, ең»
ІV кезең «Тәжірибе- таным алаңы»
Оқушылар жаратылыстану пәнінен алған білімдерін сайыста қолданып, үлкен қызығушылықпен қатынасты. Тәжірибелер – таным алаңы кезеңінде 4 топқа 4 түрлі эксперимент берілді. Оқушылар нұсқаулыққа қарай отырып орындады. Сайыс қорытындысы негізінде І орынды «Эверест» және «Килиманджаро», ІІ орынды «Хан тәңірі», ІІІ орынды «Алатау» топтары иеленді.
Сайысқа белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған топтар марапатталды.