8(7112) 22-85-97

«Ұлы даланың ұлы есімдері» қалалық байқауы

6 мамыр күні 10 сынып оқушыларына арналған «Ұлы даланың ұлы есімдері» қалалық байқауы өтті.

Қазақстан тарихы пәнінен жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған Ұлы есімдер туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және нығайту, жалпы зияткерлік сипаттағы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында өткен байқауға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Серік Нұрдәулет І орынға ие болды. Жетекшісі Жұмағалиева Орынгүл Аманжолқызы. Оқушымызды және жетекшісін жеткен жетістігімен құттықтаймыз!