8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі қорытындыланды.

Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, республикалық олимпиадаларға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында өтті. Мектебімізден облыстық кезеңге өткен оқушыларымыз информатика пәні бойынша Сәбит Бейбарыс І орын (жетекшісі Сатканова Э.М.), қазақ тілі пәні бойынша Талғат Жазира ІІ орын (жетекшісі Беккужиева С.А.), тарих пәні бойынша Кенжеғали Мейірім ІІІ орын (жетекшісі Сатиева А.Е.), химия пәні бойынша Алтынбекқызы Алинура (жетекшісі Бергалиева Г.К.) алғыс хатқа ие болды. Оқушыларымызды және жетекшілерін жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.