8(7112) 22-85-97

“Жасыл Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы

Мақсаты: Оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті дарытуға, табиғат пен қоршаған ортаны құрметтеуге, қоршаған ортаға ғана емес, адамдарға деген қамқорлық сезімін дамытуға бағытталған.

Мемлекет басшысының “Жасыл Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясына үлес қосу мақсатында мектеп-лицей алаңында көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Атап өтсек, гүлдер мен ағаштар егу және оларды суару, ағаштардың түбін қопсыту, діңін әктеу және қоршаулар мен ғимараттарды сырлау секілді жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта мектеп-лицей алаңы жасыл түске боялып, көгалдана түседі.