Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде “1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне” орай мектеп-лицейіміздің 8-9 сынып оқушылары арасында эссе жазу челленджі өткізілді.
Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды дей келе сіздерді келе жатырған БІРЛІК күнімен құттықтаймыз!