8(7112) 22-85-97

“Ағаш отырғызу” акциясы

Мақсаты:
Туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялдауға қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу.

6 мамыр күні мектеп-лицейіміздің бітіруші түлектері “Мамыр - ынтымақ айы” челленджіне қатысып, табиғаттың көркеюі мен гүлденуіне үлес қосу мақсатында “Түлектер аллеясына” ағаштар отырғызды.
Қазақта “Атадан мал қалғанша, тал қалсын” деген сөз бар, сондықтан ағаш отырғызу ең игі істің бірі болып саналмақ.
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы оқушылар табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып, бар күш-жігерлерімен ағаш отырғызып, игі іс жасады.