Мақсаты:
Бұл әдемі мерекенің мақсаты - әйелге құрметпен қарау дәстүрлерін қолдау, біздің өміріміздегі ең басты тұлға - ананың маңыздылығын ерекше атап өту.
10 мамыр күні мектеп-лицейімізде «Аналар күні мерекесіне» орай «Ана мейірімі - Әлем мейірімі" деп аталатын, Аналар күні тұжырымдамасы негізінде, мектеп-лицейіміздің жас аналарымен және жоғары сынып қыз балаларымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің қонақтары ҚР білім беру ісінің үздігі, ақын Үзілдік Елеубайқызы мен ардагер ұстаз Тамара Набиқызы. Қыз бала тәрбиесі, ене мен келін тәрбиесі сынды өзектес тақырыптар қамтылды. Отбасындағы ұл-қызының тәрбиесімен бөлісіп, жас аналарға шаңыраққа келін болудағы ұстанған ұстанымдарымен бөлісті. Келіндер тарапынан енелерге де келін тәрбиелеудің, келінді жақсы келін етудің мектебінен дәріс болса артық болмас еді деген ой қалды.
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Жақсы ана болу уақыт еншісінде, ол отбасыңнан, ортаңнан алған тәлімнен бастау алары сөзсіз.