15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай облыс әкімі өңірдегі халықаралық, республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен спорттық жарыс жеңімпаздарын тәрбиелеген отбасылармен кездесті
Егемен еліміздің болашағы, ертеңі – дарынды жастар. Білімді, рухы биік ұрпақ тәриелеуде отбасының рөлі ерекше. 15 – мамыр Отбасы күніне орай облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесуге мектеп-лицейімізден 11 а сынып оқушысы Адилов Сержан ата-анасымен шақырылды. Кездесу барысында облыс әкімі оқушылар мен ата-аналарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіп, ризшылығын білдірді.