8(7112) 22-85-97

Қалалық «Мини театр» атты ағылшын тілі пәнінен фестиваль – байқауының қорытынды

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық бағытта тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуын және шығармашылығын қолдау мақсатында фестиваль - байқау М. Маметова атындағы №27мектеп-лицейі базасында 13 мамыр күні өткізілді.

13 мамыр күні 8-10 сыныптар арасында фестиваль-байқау оздырылды. Байқауға әр мектептен бір команда қатысты. Оқушылар жас ерекшелігіне қарай репертуарды таңдап спектакльдің үзіндісін немесе әдеби шығарманың сахнаға ыңғайланған көрінісін ағылшын тілінде ұсынды. Оқушылар Шекспирдің «Ромео мен Джульета» шығармасын қойды. Қатысқан мектептер арасында мектеп командасы жүлделі 3- ші орынды иеленді. Жетекшісі Темирова А.Е. Оқушыларымызды және пән мұғалімін жетістіктерімен құттықтаймыз!