15 мамыр күні халықаралық отбасы күніне орай Салтанат сарайында «Өрелі ұрпақ – өнегелі отбасынан» шарасы өтті.
15 мамыр күні халықаралық отбасы күніне орай Салтанат сарайында «Өрелі ұрпақ – өнегелі отбасынан» шарасы өтті. Шарада пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталып, ата-аналарына құрмет көрсетілді. Бұл шараға мектеп-лицейімізден 10 сынып оқушысы Нұрым Айкөркем анасымен және 9 сынып оқушысы Самарқан Құндыз әкесімен қатысып, құрметке ие болды. Мереке аясында ұйымдастырылған жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Арсен Губашев халықаралық отбасы күнімен құттықтап, баланың дарынын ұштауда мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті Салтанатты шараға қатысып, мерейі асқақтаған оқушылар мен ата-аналарды құттықтаймыз!