Мақсаты: Әке мен бала және мектеп арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және кез-келген жағдайдан шыға білетін жеке тұлға тәрбиелеу.
Мектеп-лицейімізде 17 мамыр күні “Отбасы күніне” орай “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Әкем-айбыным” атты спорттық шара өткізілді.
Сайысқа барлығы 8 отбасы қатысты. Спорттық сайыс 7 турды қамтыды:
1 тур:”Менің отбасым”. Таныстыру
2 тур: “Баскетболшы”
3 тур: “Мерген”
4 тур: “Күш атасын танымас”
5 тур: “Әскери дайындық”
6 тур: “Асық ату”
7 тур: “Арқан тартыс”
Қатысушы отбасыларға әділ-қазы мүшелері таныстырылып, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С. Иманиязоваға сөз беріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды:
1 орын 7”а” сыныбы “Ажгалиевтер” отбасы 🥇
2 орын 7 “ә”сыныбы “Кабдыгалиевтер” отбасы 🥈
3 орын 8”а” “Жаулыбаевтар” отбасы🥉
“Алғыс хат”:🏅
7 “а” сыныбы “Амангелдиевтер” отбасы,
7 “б” “Болатовтар” отбасы,
8”ә” сыныбы “Бақтығалиевтер” отбасы,
8 “ә” сыныбы “Жуминдер”отбасы,
8”б” сыныбы “Сабировтар “отбасы
Белсенділік танытып қатысқан, барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.