8(7112) 22-85-97

«Оқу дала жиыны»

Оқу дала жиынының мақсаты: отан сүйгіштікке, елін қорғап, қастерлеуге бағытталады.

№41 мектеп-лицейінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде 13-17 мамыр аралығында 10 сынып ер балалары қатысуымен оқу дала жиыны ұйымдастырылды.

Жас сарбаздар оқу дала жиынында теориялық сабақтар, граната лақтыру, автомат шашу, жинаудан және мылтық ату, дене шынықтыру дайындығы, саптық дайындық, атыс дайындығы, тактикалық дайындық секілді оқу жаттығулары орындалды.

5 күндік дала жиынының бітуіне байланысты ағымдағы жылдың  17 мамырында мектеп алаңында салтанатты мерекелік жиыны өткізілді. Оқу дала жиыны аяқталу барысында ерекше тәртібімен көзге түсіп ерекшеленген оқушылар марапатталды!