Мақсаты: Мектеп бітіруші түлектерге алдағы өмірлеріне ақ жол тілеу, білім алған ордаларын ұмытпауға шақыру.
№41 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде “Парламент” өзін-өзі басқару ұйымының және “Жас Ұлан” ББМЖҰ жоспарымен 11 сынып оқушыларына арналған “Қоштасу кеші” ұйымдастырылды.
Кеш барысынды қызықты ойындар, сұрақтар қойылып, түлектер өз естеліктерімен бөлісті. Өзін-өзі басқару ұйымдарының мүшелері 2024 жылғы түлектерге ыстық лебіздерін айтып, болашақтарының жарқын болуына тілектерін білдірді!