8(7112) 22-85-97

Қалалық XXIV «Абай оқулары» байқауы

2024 жылдың 13-14 мамыр күндері Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ базасында қалалық XXIV «Абай оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша 8 “ә” сынып оқушысы Байыр Дамира І орын, жетекшісі - Куанышкалиева Г.Е, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша 8 “б” сынып оқушысы Берикова Айым І орын, жетекшісі - Беккужиева С.А«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 9 “б” сынып оқушысы Серік Райымбек ІІ орын, жетекшісі - Иманиязова Г.С
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 10 “а” сынып оқушысы Серік Нұрдәулет ІІ орын, жетекшісі - Нурсапина С.У, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 8 “ә” сынып оқушысы Жұмағалиева Альмира ІІІ орын, жетекшісі - Куанышкалиева Г.Е. Оқушыларымызды , пән мұғалімдерін жетістіктерімен құттықтаймыз!