8(7112) 22-85-97

«Жұлдыздар шеруі – 2024»

Мақсаты:

2023-2024 жылғы оқу жылындағы ең үздік деп танылған дарынды және талантты шәкірттерімізді марапаттау.

24 мамыр күні 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар мен түрлі шығармашылық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болған, мектепішілік және мектептен тыс жұмыстарға белсене қатысқан, “Парламент” өзін-өзі басқару ұйымы және “ЖасҰлан” ББМЖҰ, мектеп-лицейіміздің мәртебесін биіктетіп жүрген оқушыларға арналып “ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ” болып өтті. Шеру барысында дарынды оқушыларымыз қызыл кіліммен жүріп өтіп, мектеп-лицей директоры Даумова А.М. алғыс хатпен марапаттады!

Мектеп-лицейіміздің мерейін асқақтатқан оқушыларымызға, талмас қанат тілейміз

Оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!