Мектеп-лицейімізде 2024 жылғы мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Мектеп-лицейіміздің 33 түлегі үшін соғылған соңғы қоңырау кешіне Облыстық мәслихат депутаты Тлемисов Т.Т, Орал қалалық білім беру бөлімінің мектеп секторының бас маманы Бақтыгереева Б.Н, Мектепішілік қамқоршылық кеңес мүшесі Губайдуллина С.С және ардагер ұстаздарымыз қатысты. Салтанатты жиын ҚР Мемлекеттік гимнімен ашылды. Алғы сөзді мектеп-лицейіміздің директоры Даумова А.М.сөз алып, биылғы оқу жылының жетістіктеріне тоқталды және ата-аналарға алғыс хат табыстады.
✅Мектеп-лицейіміздің жылдағы дәстүріне айналған Қамқоршылық кеңесінің қолдауымен “Лицей үздіктері” анықталып, марапаттау рәсімі өткізілді.
✅”Өзін-өзі басқару” ұйымының жыл бойы өткізілген шараларда ерекше белсенділігімен көзге түскен оқушыларымызды мектеп-лицейіміздің директоры Даумова А.М. Алғыс хаттармен марапаттады.
Мектеп түлектері алтын ұяларына, ардақты ұстаздарына деген алғыстарын әсем әндерімен өріп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына гүл шоқтарын табыстады. Мектеп түлектері мен шәкірттері үшін қимас шақтың көрінісі мектеп вальсі. Түлектер “Мектеппен қоштасу” вальсін билеп, алтын-ұя мектептерімен қош айтысты.
Түлектерімізге ақ жол, сәт-сапар тілейміз!