8(7112) 22-85-97

«ҚР Мемлекеттік рәміздер күні»

Мақсаты:

елтаңба, ту, әнұран туралы түсініктерін нығайту;

рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту;

оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру;

оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.

4 Маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Мектеп-лицейімізде “4 Маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні” мерекесіне орай алаңда жиын өткізілді. Оқушыларға ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беріліп, Рәміздердің маңыздылығын түсіндірді.

Рәміздер күнімен орайлас Мектеп-лицейіміздің 2023-2024 оқу жылында білімімен ерекшеленіп, оқуда озат болған оқушыларымызға мектеп-лицей директоры Даумова А.М. мақтау қағаздарын табыстады.

Жиын барысында Республикалық көпжанрлы “Дарынды бала” байқауына қатысып І орын иеленген “Балауса” би тобы “Дос құрбылар” биін және 5 “ә” сынып оқушысы Башкир Мағжан “Туған жер” әнін тарту етті.