5 маусым күні халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздарын марапаттау мақсатында Салтанат сарайында «Ақжайық жас дарыны - 2024» шарасы өтті.
5 маусым күні халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздарын және оларды дайындаған мұғалімдерді салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Шарада халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздары марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, мектеп директорлары мен жетекшілері алғыс хатпен марапатталды. Бұл шараға мектеп-лицейімізден 11 сынып оқушылары Едіге Ерназар мен Сағынтаева Ранида қатысты. Мереке аясында ұйымдастырылған жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы халықаралық, республикалық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздарын құттықтап, оқушылардың білімдерінің тереңдігін, ойлау қабілеттерінің өткірлігін ерекше атап өтті. Салтанатты шараға қатысып, мерейі асқақтаған оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!