8(7112) 22-85-97

Қалалық «Үздік педагог» байқауы

Тамыз-қыркүйек айларында «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында ҚР «Білім туралы» Заңының 24 бап 24 тармақшасын басшылыққа алып, ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы мен Орал қаласы білім беру бөлімінің 2024 жылғы 8 тамыздағы №308-Ө бүйрығы негізінде «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге 22 үміткердің өтініші түсіп, арасынан мектеп-лицейіміздің қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі Куанышкалиева Гүлдария Ермековна байқау жүлдегері атанды. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!