20 қыркүйек күні №4 қосымша білім беру мектеп-орталығында облыстық «Махамбет оқулары» өткізілді.
Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру мақсатында өткен байқауда мектебіміздің облыстық кезеңге өткен 10 сынып оқушысы Абай Данагүл «Ел құтқарар ер едім» бөлімі бойынша ІІ орын (жетекшісі Иманиязова Г.С.), «Тартынбай сөйлер асылмын» бөлімі бойынша 11 сынып оқушысы Серік Нұрдәулет ІІІ орын (жетекшісі Нурсапина С.У.) иеленді. Оқушыларды және пән мұғалімдерін жеткен жетістігімен құттықтаймыз!