8(7112) 22-85-97

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің қорытындысы

15 қазан күні 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі қорытындыланды.

Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, қалалық олимпиадаларға іріктеу және дайындықтарын пысықтау мақсатында өтті. Жалпы білім беретін пәндер бойынша яғни қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері бойыншаолимпиада өтті. «Үздік олимпиадалық команда» болып 9ә сыныбы танылды. «Олимпиада үздігі-2024» номинациясымен Шаштыгалиева Дильназ марапатталды.