"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында мектеп-лицейімізді Тәрбие жұмысының жоспары шеңберінде оқушыларымыздың құқықтық сауаттылығын, мәдениетін дамытуда, сондай-ақ қоғамда жасөспірімдер арасында орын алатын тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мусагалиев Артур Гайсиевич, БҚО Полиция департаментінің аға жедел уәкілі полиция майоры Уржанов Серік Самиғоллаұлы, учаскелік полиция инспекторы аға лейтенанты Асабаев Алихан Бауыржанович, Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім істерінің аға лейтенанты Темірғалиев Ернар Берікұлы қатысты. Оқушыларымызға полиция полковнигі Мусагалиев Артур Гайсиевич интернет алаяқтықтан сақтану, буллинг, кибербуллингтен сақтану, жол бермеу, түнгі көшеде жүрмеу, ұсақ бұзақылық т.б. секілді құқықбұзушылық әрекеттерден сақ болу жолдарын түсіндірді. Өзге де полиция қызметкерлері өз тараптарынан жүргізілетін қадағалау жұмыстарын айтып өтті.
Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.