8(7112) 22-85-97

10-11 сынып оқушыларына арналған республикалық VI «Алтын түлек» олимпиадасының мектепішілік кезеңі оздырылды.

Мақсаты математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу

Олимпиадаға 10-11 сынып арасынан 15 оқушы қатысып бақ сынасты. Өз білімдерімен топ жарып, алға шыққан оқушылар: 10-сыныптар бойынша Аман Аида, Туях Асия және Ильясова Эльвира. 11-сыныптар арасынан Нурболатов Дарын, Таңбай Еркебұлан және Муханбетов Али қалалық кезеңге жолдама алды. Қалалық кезеңге жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз.