29 қазан күні информатика пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «ЖИ-педагогикалық көмекші» тақырыбында мұғалімдерге арналған семинар-практикум өткізілді.
«SmartEduTeach#» жобасы аясында «ЖИ-педагогикалық көмекші» тақырыбында семинардың мақсаты: білім беру саласында жасанды интеллекттің (ЖИ) мүмкіндіктерін көрсету және ЖИ технологияларының мұғалімдердің жұмысын жеңілдетудегі рөлін қарастыру. Семинар-практикумда Chat GPT-де ҚМЖ құру, жобаларға тақырып іздеу және алынған мәліметтерді Gamma ai презентация жасауға арналған нейро желісі арқылы слайд жасау әдісі көрсетілді. Сонымен қатар тест сұрақтарын құруға арналған Quizz ai платформасы мен суреттер мен логотиптер жасауға арналған жасанды интеллект платформаларының мүмкіндіктері көрсетілді.