Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 31 қазан 10-сынып ата-аналарына “Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы жоғары сынып оқушыларының дамуындағы тәуекел аймақтары” тақырыбында сынып жетекшілері Светлана Әділханқызы, Гулмайра Калимоллақызы, Айдана Ерікқызының ұйымдастыруымен сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту. Барысында:
✔ Амандасу тренингі;
✔ QR-код арқылы бейне үзіндіні қарап ой шақыру;
✔ Ақпараттар легімен таныстыру;
✔ Жасөспірімдердің гаджетке тәуелділігін жеңу жолдары" тақырыбында кәсіби психологтің кеңесі;
✔ Топтық жұмыс;
✔ "Тұлға бейнесі" профилактикалық жаттығуы;
✔ Газизхан Шекербектің "Ұлыма кеңес" әнін караокеде бірге айту;
✔ Кері байланыс.
Ата-аналар бала тәрбиесінде баланың жасөспірім шақтарында кездесетін қиыншылықтары туралы ойларын бөлісіп, шешу жолдарын өзара ұсынды. Кәсіби психолог маман Назира Жұмагелдіқызы ата-аналарға гаджетке тәуелділікті қалай жеңуге болатыны туралы кеңестерімен бөлісті. Сабақ барысында ата-аналар бала тәрбиесіне үлес қосуға қолдау танытқан ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.