Ата-аналарды қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 31 қазан 9-сынып ата-аналарына “Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру" тақырыбында сынып жетекшілері Анар Қуанышқызы, Ақзер Серікқызы және мектеп психологі Мөлдір Сапиоллақызының ұйымдастыруымен сабақ өткізілді.
Сабақ мақсаты: уақытты басқару тәсілдері туралы түсінік бере отырып, тиімді жоспарлау дағдыларымен таныстыру.
Барысы:
✔ Амандасу тренингі;
✔ Сауалдар айдары
✔ Топтастыру жұмысы
✔ Жеті ереже
✔ Кері байланыс.
Ата-аналар үш топқа бөлініп, күн тәртібін тиімді ұйымдастыру, тайм менеджментті ұтымды пайдалану, уақыттты тиімді қолданудағы кездесетін кедергілерді жеңу жолдарының басты шарттарын топта талқылап, ұтымды жолдарын ұсынды. Мектеп психологі Мөлдір Сапиоллақызы ата-аналарға уақытты дұрыс қолдану жолдарын көрсете отырып, тың кеңестер берді.
Сабақ барысында ата-аналар бала тәрбиесіне үлес қосуға қолдау танытқан ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.