“Мен жастарға сенемін” атты облыстық көркемсөз байқауы
Жайықтың Ақ шағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына арналған жас мұғалімдер арасында
“ Мен жастарға сенемін” атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.
Ағымдағы жылдың 7 қараша күні Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдық мерейтойына арналған жас мұғалімдер арасында “ Мен жастарға сенемін” атты облыстық көркемсөз байқауы өтті.
Көркемсөз оқу шеберлерінің мақсаты ақын Ақұштап Бақтыгерееваның поэзиясын кеңінен насихаттау болса, екіншіден азаматтық қоғамдағы белсенді, талантты жас ұстаздарды шығармашылық тұрғыдан қолдап, көркемсөз оқу шеберлерін таныту және ынталандыру.
Байқауға 24 жас мұғалімнен өтініш келіп түсті. Көркемсөз оқу байқауының қорытындысы бойынша мектеп-лицейіміздің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асанбаева Нұргүл Абайқызы жүлделі ІІ орынға ие болды. Әріптесімізді жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз