Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына арналған 2024 жылғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық бейне сабақтар және бейне дәрістер конкурсының облыстық кезеңі өтті
Пәнаралық негізде білім алушылардың ерте функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтардың өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету мақсатында өткен конкурста мектебеміздің ұстаздары Жайманова Нурбану Беймбетовна мен Есетов Әсет Бейімбетұлы «Цифрлық сауаттылық» аталымында ІІІ орынды иеленді. Әріптестерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!