Әдеби квиз «Юрий Домбровский: в поисках истины» 7а, ә, б, в, г сыныптар арасында мектептен тыс шара
7 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кдрашева Эльмира Аклбековна әдеби квиз «Юрий Домбровский: в поисках истины» мектептен тыс шара өткізді.Шараға әрбір сыныптан 5 оқушыдан құралған команда сайысқа түсті.Шараның мақсаты: қатысушыларды Ю.Домбровскийдің өмірімен таныстыра отырып, оның шығармалары мен философиялық идеясіне қызығушылық таныту. Әдеби квиз 4 тапсырмадан тұрды. «Өмірбаяндық пазл» дұрыс тірек сөздер арқылы әрбір ақпаратты дұрыс қалпына келтіру керек болды, оқушылар тапсырманы тез орындады. «Дәйексөздер жинау» атты сайыста командалар Юрий Домбровскийдің шығармаларынан әртүрлі дәйексөздерді ала отырып, оларды дұрыс жинау және мағынасын түсіндіру арқылы,тапсырмамен тез орындады. «Суреттер мен кейіпкерлер» тапсырмасында әр командаға Домбровскийдің шығармаларындағы кейіпкердің немесе көріністің бейнесі көрсетіледі. Командалар қай шығармадан туралы және суретте кім бейнеленгенін болжауы керек болды. Рөлдік ойын: "Жазушымен кездесу"атты шығармашылық сайыста команданың әрқайсысы Юрий Домбровскиймен сұхбат стилінде қысқа көрініс дайындады. Қатысушылардың бірі жазушыны, қалғандары оның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қоятын журналистерді бейнеледі. Команданың мүшелері әртүрлі формада сұқбат алып, жазушының ролінде тамаша ойнады және күрделі сұрақтарға терен ойға салатын жауаптар берді. Ойын қызықты, мазмұнды өтті. 1 орынды 7ә, 7б, 7 в сыныптары, 2 орын 7 а, 3 орын 7г сыныбы иеленді.