«Под звуки нежного романса» кеші
«Под звуки нежного романса» кеші
Орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығы аясында 9-10 сынып оқушылары арасында «Под звуки нежного романса» кеші ұйымдастырылды. Жүргізушілер Шаштыгалиева Дильназ бен Саганаева Лейла қатысушылардың әр қойылымынан бұрын романстың пайда болу тарихы туралы айтты, одан кейін көрермендер мәтіннің мазмұнын және оның орындалуын тереңірек қабылдады. Оқушылардың орындауында Анна Ахматова мен Булат Окуджаваның өлеңдеріне жазылған романстар шырқалды. Зал қатысушыларды қолдап, олардың өнерін қошеметпен қарсы алды.