8(7112) 22-85-97

«Қадыр оқулары-2024» республикалық байқауы

2024 жыл 28 қараша күні Қадыр орталығының концерт залында өткізілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім бөлімі, Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының 2024 жыл 18 қараша №1-9/478 хаты негізінде, «Қадыр-Қазына» жобасы аясында ақын өлеңдерін жатқа оқудан жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері арасында өткізілген «Қадыр оқулары-2024» республикалық байқауында мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі  Куанышкалиева Гулдария Ермековна І орынға ие болды. Әріптесімізді жеткен жетістігімен құттықтаймыз!