Апталықтың ашылуы
10 желтоқсан күні «Тарих толқынында» атты апталықтың жоспары таныстырылып, оқушылар патриоттық әндер мен өлең жолдары, тарихи жалынды сөздермен өрнектеліп, ашылу салтанаты ұйымдастырылды. атты тарих және құқық пәні апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты оқушыларға Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын насихаттауға, ата-баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға үйрету. Тарих – бұл уақыттың үні, ұлттың жадында мәңгі сақталатын асыл қазына. Ол тек өткен оқиғалар мен фактілер ғана емес, сонымен бірге қоғамды алға жетелейтін тағылым мен сабақ.