8(7112) 22-85-97

«Уақыт керуені» интеллектуалды сайыс

Сайыс оқушылардың тарихи білімдерін тереңдетуге, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға және уақыт аралығында саяхат жасап, тарихи оқиғаларды тануға ынталандыруға бағытталған.

10 желтоқсанда «Тарих толқынында» апталығының аясында тарих пәнінің мұғалімдері  А.Е.Сатиева мен Оспан Қ.Т. жетекшілігімен  6 сыныптар арасында   "Уақыт керуені" интеллектуалды сайыс  оздырылды.

«Уақыт керуені» интеллектуалды сайысы – оқушылардың тарихи білімін тереңдетуге, логикалық ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған танымдық іс-шара. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады: тарихи даталарды сәйкестендіру, тұлғаларды анықтау, артефакттердің құпиясын ашу және логикалық тапсырмаларды шешу арқылы "қазынаға" жету. Бұл шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастырады. Сайыс қызықты әрі ерекше форматта өтіп, командалық рухты нығайтты. Үздік командалар марапатталды.